Маңғыстау облысы көлемінде 22 тамыз – 12 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан «Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шара барысында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында жол белгілері жаңартылып, жаяу жүргіншілер өткелдері қайтадан боялып және т.б. жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.
Жолдағы қозғалыс жағдайларын жақсарту бағытында 44 жол белгілері ауыстырылып, 35 жаяу жүргінші өткелі жайластырылды, оның ішінде 19 мектеп маңында орналасқан жаяу жүргінші өткелдерінде жылдамдық мөлшері 40 шақырым/сағатқа шектетіліп, тиісті жол таңбалары салынды, сонымен қатар 10 жасанды жол кедергілері орнатылды.