2022 жылдың 7 айында облыс көлемінде 268 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 46 адам қайтыс болса, 342 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Статистикаға сүйенсек өткен жылмен салыстырғанда жол апатының саны екі есеге артқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Амангелді Халмұрадовтың сөзінше өңірдегі жол апатының көбінде жаяу жүргіншілер зардап шеккен. Осы уақыт аралығында жаяу жүргіншілерді көлік қаққан 128 жол апаты тіркелген. Ал, мал жануарларының қатысуымен жыл басынан 5 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 2 адам қаза болып, 8 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеген.
-Құрметті жүргізушілер, көлік құралдарын басқару кезінде жылдамдық режимін сақтауларыңызды, жол қозғалысы ережелерін сақтауларыңызды, жаяу жүргіншілерден жолдан өті кезінде мұқият болуларын, шаруа қожалықтары иелерінен үй жануарларын қараусыз жібермеулерін, төрт түлікті жарық қайтарғыш ленталармен қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз! Адам өмірі бәрінен де қымбат. Сондықтан да, жүргізушілер өзінің, жолаушылардың және өзге де жол қозғалысы қатысушыларының өмірі мен денсаулығына немқұрайлылық танытпағандығы абзал,- деп атап өтті Полиция департаментінің бірінші орынбасары Амангелді Қалмұратов.