Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыс ақтаулық Аққу Темірханованың жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтаудың он үш жасар тұрғыны жеке разрядта алтын, сондай-ақ жұптық разрядта күміс, аралас разрядтарда қола медаль жеңіп алды. Командалық есепте Маңғыстау облысы 3- орын алды.
Аққу Темірханованы спортқа, оның ішінде үстел теннисіне 6 жасында анасы алып келді. 2019-2020 жылдары облыстық және қалалық турнирлерде, үстел теннисінен чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болды.
"Мен өте бақыттымын, жаттықтырушыларыма, ата-анама алғысымды білдіремін. Алда әлі жарыстар бар", - деді А. Темірханова.
Еске сала кетейік, Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты алты күнге созылды.