Құтқарушылар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде суға түскен екі адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиға кеше 4 «а» шағынауданда болған. 2011 жылы туған екі жасөспірім тыйым салынған жерде шомылған.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, медициналық көмек қажет болған жоқ.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті сіздерден суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және төмендегі ережелерді орындауды сұрайды:
-жабдықталмаған және тексерілмеген шомылу орындарында шомылуға және суға түсуге болмайды, өйткені түбінде тастар, қоқыс және басқа да қауіпті заттар болуы мүмкін;
-ішімдік ішуден аулақ болыңыз;
-суға шомылу мезгілінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
-суға шомылу кезінде жағажайдан алысқа жүзбеңіз;
-тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
-су айдындарын ластамаңыз және қоқыстамаңыз.
Бұл қарапайым ережелер сізге және жақындарыңызға жазғы демалысты қауіпсіз өткізуге көмектеседі!