2022 жылғы 20 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с дейін баруы мүмкін. Күндіз облыстың басым бөлігінде 43 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Аймақтың оңтүстігінде өрт шығу қаупі бар.
Ақтау қаласында солтүстік-шығыстан, 15-20 м/с екпінмен жел соғады.