Басқұдық ауылындағы жолдың кемшіліктерін мердігер мекеме қалпына келтіреді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Желі қолданушысы облыс әкімдігінің телеграм каналына Басқұдық ауылындағы былтыр салынған 2 шақырым жолдағы ойықтарды кім жөндейтінін сұрап сауалын жолдаған. Аудандағы жол сапасына жауапты мекеме өкілдері тұрғынның сұрағына шұғыл жауап берді. Жауаптылардың мәлімдеуінше, Басқұдық ауылдық округінде 2021 жылы құрылысы жүргізілген 2 шақырым автомобиль жолы әлі қабылданбаған.
-Қазіргі таңда газ желілерін көшіру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекеме тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады, - дейді жауаптылар.