Қазақстанда медициналық реабилитация салыстырмалы түрде жас сала екендігі мәлім. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2021 жылы медициналық оңалтуды қажет ететін адамдар тек қана 60% ‐ға қамтамасыз етілген. Көрсетілетін оңалту қызметтерінің тізбесі, білікті кадрлармен жабдықталуы, оңалтудың негізгі қағидаларын ұстануы бойынша халықаралық стандарттарға сай келетін ірі оңалту орталықтары негізінен Нұр‐Сұлтан және Алматы қалаларында шоғырланған. Өңірлерде сапалы, жан‐жақты, көпсалалы оңалту қызметін қалыптастыру процесі тек жаңа ғана басталып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Орталықтан алыс аймақтардағы бірі‐ Маңғыстау облысыда оңалту қызметтерінің сапасы бірталай төмен.
Оған себеп:
‐білікті дайындалған мамандардың тапшылығы және соның салдарынан күрделілік, көпсалалылық, қолжетімділік, сабақтастық сияқты реабилитологияның принциптерінің сақталмауы оңалту көмегінің сапасын нашарлатады;
‐ шалғай аудандардың практик мамандары үйден, жұмыстан алыс кетіп, сонымен қатар жол жүруге, тұруға, тамақтануға қаражат жұмсап өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, оқуға көбіне жағдайлары келмейді;
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 29163 мүгедек науқас есепте тұрса, оның 2505‐і I‐ші топтағы, 11809‐ы II топ, 8285‐і III топтағы мүгедектер. Мүмкіндігі шектеулі балалар саны 6564‐ті құрайды.
Церебральды сал ауруына шалдыққан балалар жылына кемінде бір рет облыстық деңгейде оңалту көмегін алады. Облыс аумағындағы емханаларда балалар да, ересектер де емделетін оңалту бөлімшелері, сондай‐ақ білім басқармасына қарасты ПМПК (психологиялық‐медициналық‐педагогикалық комиссиялар), аутистикалық, психикалық және мінез‐құлық бұзылыстары бар балаларға педагогикалық көмек алатын түзету кабинеттері, сондай-ақ түзеу көмегі, сондай‐ақ жеке оңалту орталықтары мен даму орталықтары бар. Оңалту‐сауықтыру саласында 20 жылдық тәжірибесі бар, сонымен қатар, Атырау облысынң оңалту мамандарын даярлауда 8 жылдық тәжірибесі бар «БолашакК» қоғамдық қорының мамандары, өзінің білімі мен практикалық тәжірибесін Маңғыстау облысындағы әріптестерімен бөлісуге дайын. Бұл бастамада бізге «ExxonMobilKazkhstan» қолдау көрсетті. «БолашақК» оңалту орталығының тәжірибелі емдік дене шынықтыру жаттықтырушылары - тәжірибеші кинезиотерапевттерден, ЛФК нұсқаушыларынан, сонымен қатар сөйлеуді, мінез‐құлықты, дағдыларды түзету бойынша жаттықтырушылардан, сондай‐ақ практикалық дефектолог‐логопедтерден тұратын көпсалалы командасы 18‐22 шілде аралығында өтеді. Маңғыстау облысында реабилитация бағыттары бойынша мамандарды оқыту бастады. Оқу 4 модульден, ұзақтығы 5 күн бойы, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан айларында өтеді.
Тренингтің мақсаты:
• Тренингке қатысқан мамандардың кинезиотерапияда және
педагогикалық коррекцияда қолданылатын стратегиялар мен мазмұндар
туралы түсінігін қалыптастыру, оның ішінде қозғалыс және когнитивті бұзылыстарды диагностикалау, оңалту мақсаттарын қою және нәтижелерді бағалау;
• медициналық оңалту саласындағы кинезиотерапия мамандарының-емдік дене шынықтыру нұсқаушылардың, нұсқаушы‐әдіскер мен реабилитолог мамандарының біліктілігін арттыру;
• оңалтушы мамандардың теориялық және практикалық білімдерін, дағдыларын жетілдіру.