Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бектас Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- Жыл басынан бері қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 7 адам суға батып кетті, оның біреуі жасөспірім. Өткен жылмен салыстырғанда екі адамға азайған. Өңірде кең ауқымды алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді. Облыс мешіттерінде имамдар жұма намазы кезінде судағы жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіреді. Маңғыстау облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметімен және ҚР Ұлттық ұланының № 6656 әскери бөлімімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған жерлерде күн сайын рейдтер өткізіледі. Нәтижесінде жыл басынан бері 38 адам құтқарылды, оның ішінде 9-ы кәмелетке толмағандар, бұл 2021 жылмен салыстырғанда құтқарылғандар 64%-ға артық. Тек 15-16 шілде аралығында біз 11 адамды құтқардық, - деді Бектас Мұратов.