Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған соты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат Т-ға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот 2022 жылғы 17 шілдеде сағат 01.30 шамасында Ақтау қаласының 15-шағын ауданы аумағында қоғамдық орында спорттық іс-шараны өткізу кезінде күш қолдану арқылы, әдейі, қоғамдық тәртіпті бұза отырып, азамат Т. күзетті және полиция қызметкерлерінен күзетілетін адамға қарай өтіп кеткенін анықтады. Осылайша ол қоғамдық тәртіпті бұзды.
Сот жаза тағайындау кезінде істің жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын ескерді. Жеңілдететін жағдайларға - кінәні мойындау, ауырлататын жағдайларға сот Т-ның бұрын бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жататынын айтты.
"Сот қаулысымен азамат Т ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.