«Бірақ баға өсіміне тенденция және болжам бар», деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаеваның мәліметіне сілтеме жасай отырып.
«Біздің өңірге «Азық-түлік корпорациясынан» 21 мың тонна арзандатылған бидай бөлініп, келісімшарт жасақталды. Екі оператор анықталды. 5 мың тоннасы наубайханаларға жөнелтілді. Соның нәтижесінде нан бағасы тұрақты. Қалған 16 мың тонна бидай жуырда облысқа жеткізіледі. Бұл үдеріс үздіксіз жүргізіледі. Яғни арзандатылған бидай тек қана наубайханаларға нан бағасын ұстап тұру үшін өткізіледі. Ал ұнның бағасында шектен тыс шарықтау байқалмайды. Барлығы биылғы егінннің шығымына байланысты»,-дейді Ж.Тоқбаева.