Шетпе ауылындағы Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайында жұмыссыз қыз-келіншектерге арналған шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығы сілтеме жасап.
Шараның мақсаты - қыз-келіншектердің табыс табуына жол ашып, кәсібін бастаған мүмкіндік жасау. 13 шілде күні өткен шараны аналар және іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырды. Жиында Жаңаөзен қаласы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Тілектес Болатбаева бастаған кәсіпкер әйелдер өздерінің дөңгелетіп отырған кәсіптері жайлы тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараның барысында «1-С» бағдарламасы, киім пішу, тігу, құрақ құрау, жүннен бұйымдар жасау, кондитерлік өнімдер дайындаудан шеберлік сағаты өткізілді. Аталған шараға ауданға қарасты әр ауылдан кәсіп бастауға ниетті 70-ке жуық қыз-келіншек қатысып, ризашылықтарын білдірді.