COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
12 шілдедегі жағдай бойынша Маңғыстау облысында 10 жағдай расталды. Айта кетейік, өткен тәулікте COVID-19 ауруы еліміздің барлық өңірлерінде анықталған. Эпидемиологтар қоғамдық орындарда бетперде киюді ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, 11 шілдеде республикада коронавирустық инфекцияның 482 жағдайы тіркелген, 10 шілдеде – 454, 9 шілдеде – 477, 8 шілдеде – 416, 7 шілдеде – 334, 6 шілдеде – 330, 5 шілдеде – 360, 4 шілдеде – 187, 3 шілдеде – 158, 2 шілдеде – 188, 1 шілде-187.