Ақтау қаласында жыл соңына дейін жаңа 20 спорт алаңы салынып, пайдалануға беріледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Желі қолданушысы облыс әкімдігінің телеграм каналына көпқабатты үйдің ауласында футбол алаңы болмағандықтан балаларының «Халық арена» спорт кешеніне барып ойнауына мәжбүр екенін айтып, футбол алаңын салып беруін сұраған. Тұрғынның сауалына жауап берген Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері аталған мәселенің мән-жайын түсіндірді.
Олардың айтуынша, Ақтау қаласы бойынша барлық шағынаудандар спорт алаңымен қамтылған. Былтыр 18 спорт алаңы қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін Ақтау қаласында тағы да 20 спорт алаңы салынып, пайдалануға беру жоспарланған.