Ақтаудың теңіз жағалауында итбалыққа тағы да тас атылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бейнеүзікте жағалауға жақындаған ибалықты теңізге қайта тоғытуды көздеген балалар кесек тастармен аяусыз атқандығы айқын көрінеді.
Бейкүнә жануарға жауыздық танытқан баланың оспадар қылығын ата-анасы тыюға да тырыспайды. Жануарлардың құқын қорғаушы топтар ата-аналардың әрекетсіздігін аяқсыз қалдырмайтындығын ескертті.
Ескере кетер жайт, Ақтау жағажайында мұндай жағдай алғаш рет қайталанған жоқ. Бұрын да теңіз жануарын соққының астына алған адамдардың қатігез әрекеті қоғамның қызу талқысына түсті, тіпті ел Президентінің назарын өзіне аудартқан еді.