Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге 2022 жылғы 1шілдеге дейін 2021 жылғы желтоқсан айындағы дейгейдегі тарифтерді өсірмеу туралы тапсырмасының мерзімінің аяқталуына байланысты, 2022 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің 2021 жылғы 09 ақпандағы №101-НҚ және 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 168-НҚ бұйрықтарымен жаңа тариф бекітілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңа тариф бойынша:
Таратушы желілері арқылы ауыз суды беру — 89,35теңге/м3;
Таратушы желілері арқылы ыстық суды беру — 96,58теңге/м3;
Таратушы желілері арқылы техникалық суды беру — 62,73теңге/м3;
Жылу энергиясын беру және тарату — 685,05теңге/Гкал болып бекітілді.