Таңертеңнен бері мал базар қызып жатыр. Құрбан шалуға күйлі мал іздегендердің қарасы қалың. Қолы жылдам әккі қасапшылар да үлгермей жатқан секілді. Қой сойдыру кезегінде үш жүзге тарта адам тұр.
Ал, малды аяқтай алып кетіп, өзім сойып алам дегендерге ондай кезек жоқ, ашық — алады да кете береді.
Еске сала кетейік, кейбір басылымдардың дерегі бойынша қазір елдегі ең жоғары қой бағасы Ақтауда болып тұр.