Бұл жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген екінші үшем. Орталық дәрігерлері биыл 6 ай ішінде 4319 ананы босандырған, туылған шақалақтың 85-і егіздер жұбы, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жұманиязовтардың шаңырағына шаттық сыйлаған нәрестелердің екеуі қыз, бірі ұл. 27 маусымда дүние есігін ашқан оларға Нұрым, Айым, Гүлім деген есімдер берілді.
- Туған кезде қыздардың салмағы 2286 және 1880 грамм, ал ұл бала 2280 грамм болды. Қазір сәбилердің де, аналарының да жағдайы жақсы. Отбасында бұрын үш бала бар екен, енді алты бала болып, көпбалалы отбасыға айналды, - деді облыстық перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Гүлзада Сарбалаева.
Отағасы Медеттің қуанышында шек жоқ. Ал, жас ана үшемнің өмірге келуін – Алланың үлкен сыйы деп қабылдап отыр.