Бұл туралы бүгін, 30 маусымда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Облыстың өзекті мәселесінің бірі - «Қошқар-Ата» қалдық қоймасы. Қазіргі таңда қойманы қалпына келтірудің I кезеңі бойынша 905 га жерге рекультивация жұмыстары жүріп жатыр. Қаражат республикалық бюджеттен қарастырылған.
Бұған дейін 120 гектарға рекультивациялау жұмысы жүргізілді және 40 га жерге қара сексеуіл егіле бастады. Жұмыс нәтижесінде 105 млн. тоннадан астам уытты, оның ішінде 52 млн. тоннадай әлсіз радиоактивтік қалдықтар көміледі.