29 маусым күні Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады.
Ақтау қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Қолайсыз ауа райы туралы тұрғындарға ұялы телефон арқылы SMS хабарлама жолданды.
"Дауылды жел қауіпі туған кезде балкондарыңызға тексеріс жүргізіңіздер. Барлық жеңіл және көлемді затты бекітіп, бөлмеге кіргізу керек. Жеке автотранспорттарды ағаштардың жанынан және ескі құрылғылар маңынан алып тастау қажет. Балаларды қараусыз тастамаңыз. Қатты жел кезінде үйлердің жанында тұрмаңыз, шатырлар және басқа құрылғылар ұшып түсуі мүмкін. Далаға шықпауларыңызды сұраймыз" - деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігін еске салады.