Уфадан келген ұшақты өрт сөндіру көліктерінен шашыратып жасалған су аркасымен қарсы алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, бұл жаңа әуе компанияға құрмет көрсету дәстүрі. Осылайша, әуежай ұзақ жылдар бойы өзара тиімді ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниетті.
Еске салайық, Ақтау - Уфа - Ақтау жаңа рейсі ашылды. Бүгін алғашқы рейспен туристер легі Маңғыстауға табан тіреді.