ГМ-172/10 түзету мекемесінде «Әбіш-Қожа» мешітінің имамы Қожасте Хафез және ТОЖҰБ инспекторлары сотталғандармен кездесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Экстремизм және терроризм баптарымен сотталған және шаруашылық қызметіне қалдырылған азаматтармен кездесу барысында «Дін - ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасан қасіретің» тақырыбында уағыз айтылды.
Кездесуде дін саласының мамандары сотталған азаматтарды толғандырған сұрақтарына жауап берді.