Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысын көтеру жоспарлануда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның көлемі:
даярлаудың педагогикалық бағыттарында және даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге - 36 660 теңге;
жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге - 58 800 теңге;
жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерге - 58 800 теңге;
интерндерге - 61 660 теңге;
магистранттарға - 86 987 теңге;
"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға - 162 500 теңге;
докторанттарға - 195 000 теңге;
даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша докторанттарға 195 000 теңге;
даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша дәрігер-резиденттерге және магистранттарға - 100 036 теңге;
мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлық ақысының, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жатқан магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендиядан төмен емес деңгейде;
техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге - 21 787 теңге мөлшерінде белгіленеді.
Студент семестрді үздік бітіретін болса, шәкіртақы көлемі тағы 15 пайызға артады.