Оқиға «Ақбота» саябағындағы электромобильді жалға беретін алаңда болған. Кішкентай бала тізгінге ие бола алмай, әйелді қағып кеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әйелдің қолы ауыр жарақат алды. Жәбірленуші Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, оқиғаға жалға берілетін құрал-жабдықтардың қозғалысына жеке кәсіпкер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі, сондай-ақ электромобильдерді пайдалану үшін қауіпсіз жағдай жасалмауы себеп болған.
– Бір бала мені «Ақбота» саябағында балалар көлігімен басып өтті. Қорқынышты болды.
Ал егер зардап шегуші 3 жастағы бала болса?! Себебі мұнда бала көп! Менің көз алдымда екі баланың көлігі соқтығысты, ал жалға берушілер көліктің сынған бамперіне ғана ашуланды.
Мысалы, баламды мына көлік жылдамдықпен қағып кетті, төтенше жағдаймен болды делік, онда ата-анаға қарап, не айтасың. Себебі мұнда ешқандай жағдай жоқ, тек жан-жағы асфальт, – дейді Назымгүл Қайсағалиева.