«Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жазатайым оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- “Бүгін 2022 жылғы 8 маусымда инженерлік желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоршау бөлігінің құлауынан қызметкер зардап шекті. Алған жарақаттарынан қайтыс болды. Еңбек департаменті инспекторының төреғалық етуімен комиссия тағайындалғаннан кейін осы оқиғаның өндірістегі барлық мән-жайларын анықтау бойынша тексеру жүргізілетін болады. Отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз”, - делінген МКК «КЖСА» хабарламасында.
Сондай-ақ, қайтыс болған жұмысшының отбасына МКК «КЖСА» тарапынан материалдық көмек көрсетілетінін айтты.