Маңғыстау облысы ПД басшылығы Ішкі істер органының үш ардагерін Алматы қаласындағы “Қазақстан” шипажайына демалуға жіберді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл шара Қазақстан Полициясына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған “30 игі іс” науқаны аясында іске асты. Ардагерлердің қатарында 82 жастағы Николай Гутенёв, 74 жастағы Дуйсенбек Сарходжаев және 64 жастағы Балғабай Умирзаков бар. Олар ІІО-да 20 жылдан аса қызмет еткен.
Департамент басшысы Аян Сабитұлы ардагер қызметкерлерге сәт сапар тіледі.