Мерзімді баспасөз өнімдеріне жылдың екінші жартысы үшін жазылу науқаны басталды.
Жылдағы дәстүр бойынша баспасөзге жазылушы күнін ұйымдастырушы «Қазпочта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы дүйсенбі күні Жаңаөзен қаласында акцияны бастап кетті.
«Маңғыстау медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлескен биылғы баспасөзге жазылу науқанының тақырыбы «Газетке жазыл да, демалыс орнына жолдама ұтып ал» деп аталады. Осы акция аясында, 23 маусымға дейін Маңғыстау облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» және Жаңаөзен қалалық «Жаңаөзен» газеттерінің біріне жазылушының Каспий теңізі жағалауындағы Rixos демалыс орнына жолдама ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл бас жүлдемен қатар басқа да жүлделер, өзге де демалыс орындарына жолдамалар бар. Газеттерге «Қазпочта» АҚ МОФ кез келген бөлімшелеріненен немесе басылымдар редакцияларынан жазылуға болады.
Сондай-ақ аудандық «Ақ Кетік арайы», «Рауан», «Мұнайлы», «Жаңа өмір», «Қарақия» газеттеріне жазылушылар да түрлі демалыс орындарына жолдамаларға ие болмақ.
Акция барысында қалалық поштаға келушілер арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, ұтыс ойындарына қатысып, тиісті сыйлықтарын алды. Ал сол күні газетке жазылған жаңаөзендіктердің демалыс орындарына жолдама алудан үміті бар.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА