Бүгін Самал 2 шағынауданы теңіз жағалауында бір адам суға батып кетті. Қазіргі таңда ТЖД мамандары іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыстық ТЖД қызметкерлеріне оқиға туралы хабар 16:20 түскен.
Мамандардың мәліметінше, тұрғын теңізге достарымен келген. Ол 2004 жылы туған Боранқұл ауылының тұрғыны. Маңғыстау өнер колледжінің 1 курс студенті.
"Қазіргі таңда 2 сүңгуір суға түсіп іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. ТЖД-нен 5 қызметкер, Ақтау қаласы ҚБ 1 газель, 1 сирус қайығы, 1 гидроцикл, 15 қызметкер және ПД-нен 1техника, 3 қызметкер жұмылдырылды", - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.