Қарағандыдағы Зияткерлік мектептен – «Sapar» жобасының авторы Малика Мейрамова, Семейдегі Зияткерлік мектептен «Qaz Tour» жобасын қорғаған Даяна Макулова мен Даяна Аманова «Caspian Startup – 2022» байқауында Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің грантын иеленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Еске сала кетейік, 6 маусымда Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Caspian Startup – 2022» халықаралық стартаптар байқауының қорытындысы шыққан еді. Биыл бұл байқауға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстаннан 120-дан астам жоба түсті. Олардың барлығы табысты стартаптарды құруға және ілгерілетуге, стартап мәдениетін қалыптастыруға, инвесторлар тартуға, зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған.