Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салем-Намасте» үнді этно-мәдени бірлестігінің өкілдері ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Үндістаннан келген халықаралық йога сарапшысы Шармила Деви жетекшілік ететін тегін сабақ 6-11 маусым аралығында 15 шағынаудандағы жағалауда, Амфитеатрдың жанында таңғы сағат 7.00-ден 8.00-ге дейін өтеді.
- Бүгін йога сабағының екінші күні өтті. Жан мен тәнімізге нағыз мереке болғандай. Бойымызға күш-қуат алдық. Ұйымдастырушылар мен бапкерімізге алғыс айтамыз, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Маржан.