Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рустемабад Айдарханов елден жырақта жүрсе де өз таңдауын жасап, оң өзгерістерге өз үлесін қосуда.
Іс сапарда жүрген ол Ұлы Британия астанасы Лондон қаласында орналасқан ҚР елшілігіне барып дауыс берді.
- Барсам, біздің азаматтар көп екен. Кезекке тұрдым. Бәріміз танысып, мәре-сәре боп қалдық. Азаматтар мемлекетіміздің тағдыры үшін, болашағы үшін алаңдаулы және өзгерістерге сеніммен қарайтындығына көзім жетті, - деді ол өз жазбасында.