Ардагер ұстаз, тыл ардагері, Жаңаөзен қаласының Құрметті Азаматы Жәңгірхан Смағұлов №85 референдум учаскесінде өз дауысын беріп, таңдау жасады.
«Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ұсынысы бойынша елдің Ата заңына енгізілетін өзгерістерді бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылдау немесе қабылдамау туралы Референдум өткізілуде. Сайлаушыларға өз пікірін білдіру құқығына кепілдік берілді. Еліміздің болашағы жарқын, ұрпағымыздың келешегі айқын болуы үшін референдумда өз дауысымды бердім»,- деді Ж. Смағұлов.