Маңғыстау облыстық филармониясының виолончель тобының концертмейстері 28-шағынаудандағы №49 учаскеде өз таңдауын жасады.
– Референдумға қатысу, осылайша өз елімнің тағдырына ықпал ету өте маңызды деп санаймын. Мемлекет халықтың таңдауына сүйене отырып, оның өмірін жақсы жаққа өзгертуден үмітті. Бізге дауыс беру құқығы берілгеніне өте қуаныштымын. Бұл — мемлекеттің бізге деген сенімі. Осыған байланысты Қазақстан халқы бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауы қажет. Өз елімнің патриоты ретінде, мен еліміздегі барлық сайлау мен дауыс беру науқандарына белсене қатысамын, — деді Д.Авазбаева.
Дильяра Авазбаева Алматы қаласында актерлер мен музыканттардың әулетінде дүниеге келді. Ол өмірін виолончельмен байланыстырды. Бүгінгі таңда жұмыс өтілі отыз жылға жуық, оның 16 жылы Маңғыстау облысының М.Өскінбаев атындағы филармония сахнасында өтті. №49 учаскесіндегі референдум комиссиясының төрайымы Зарухан Мамутованың айтуынша, учаскеге әр жастағы адамдар дауыс беруге келіп жатыр.