Бүгін, 5 маусым күні «Қаражанбасмұнай» АҚ (әрі қарай – ҚБМ) мұнайшылары тарихи маңызды саяси оқиға – ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға қатысуда. Кен орнында вахта ауысымдағы жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған. Түпқараған ауданына қарасты № 236 референдум учаскесі таңғы сағат 6-да өз жұмысын бастады.
Әнұран шырқалып, сайлаушылар дауыс беруге кірісті. Сайлау пунктіне келген Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев, сондай-ақ өндірістік басқарма директоры Кәрім Бозахаров алғашқы болып азаматтық ұстанымын білдірді. Таңертеңнен бастап жұмысшылар кезекке тұрып, бюллетень алып, белсенділік танытып жатыр. Мұнайшылар ел тағдырын таңдаудағы өз рөлін сезіне отырып, дауыс беруге мерекеге барғандай құлшыныспен асығуда.
«Бұл референдум - Қазақстанның жаңа тарихының дамуындағы өте маңызды кезең. Біз азаматтардың мүдделері бірінші орында тұратын еститін мемлекет құру жолындамыз деп санаймын. Сондықтан мұнда әрбір дауыс маңызды», - деді Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу басқармасының (БжҰЖКЖБ) операторы Бейбіт Сатанов.
Дауыс берушілер легі күні бойы толастамай тұр. Жұмыс ауысымы алдында сайлауға келгендердің бірі - Небела Зулымханова. Ол 30 жылға жуық уақыттан бері ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехында (ҒЗжӨЖЦ) лаборант болып жұмыс істейді.
«Бұған дейінгі референдум осыдан 27 жыл бұрын, Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданған кезде өткізілді. Бүгін біз маңызды шараға қатысу үшін, бүкіл цех ұжымы болып дауыс беруге келдік», - дейді ол.
Жалпы, электоралды процесс үздіксіз жүріп жатыр. Мұнайшылар іс-шараның маңыздылығын түсіне отырып, жақсы көңіл-күймен белсенді қатысуда. Вахтааралық демалыста жүрген қаражанбастықтар тұрғылықты жері бойынша учаскелерде дауыс беруде. Комиссия мүшелері сайлаушылардың белсенділігі мен бүкіл процестің ашықтығын, демократиялылығын атап өтті. Мұнайшылар өз кезегінде елдің дамуы мен жарқын болашағы үшін бір ауыздан дауыс бергендеріне сенімді.