Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы, мұнай саласының ардагері Болатбай Қарамұрзаев №86 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Референдумды «Мәні мен маңызы зор күн» деп атаған ардагер, аталған саяси шара халық билігін жүзеге асырудың төте жолы деп есептейді.
- Бірлікке, ынтымаққа шақыратын осынау мереке күні еш кедергісіз өз таңдауыңды жасау – үлкен мүмкіндік. Мен, алғашқы мұнай атқылаған тұста 20 жастағы жігіт едім. Бүгін, міне, немерелерімнің, елімнің болашағы үшін өз дауысымды бердім,- дейді "Өзен бұрғылау жұмыстары" басқармасының ең алғашқы бригадасының бұрғышысы болған ардагер.