"Крыша" Интернет-порталы Қазақстанның 17 қаласында тұрғын үй бағасына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Басылымның талдаушылары атап өткендей, мамыр айында қайталама нарықтағы бағаның өсуін бәсеңдету үрдісі байқалады. Ақтауда тұрғын үйдің орташа бағасы 2,1%-ға төмендеді, шаршы метрдің орташа құны 277 425 теңгені құрайды. Бағаны төмендету бойынша мамыр айындағы тенденция сақтала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді, - дейді мамандар.