1 маусым — Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай Ақтау қаласында мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Концерт "Астана" алаңында болды. Оған Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің жас өнерпаздары қатысты. Сонымен қатар, концертке дейін "Сиқырлы сандық", "Айжан әжейдің ертегілері" сынды қойылымдар қойылды.
— Біздің өнер ордамызда 39 ұжым бар. Осы ұжымдар жүргізетін үйірмелерге 1000-нан астам бала қатысады. Бүгінгі 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай өтіп жатқан концертке бұл ұжымдардың бәрі атсалысты. Күні бойына көптеген іс-шаралар болып жатыр. Міне қазір Балалар шығармашылығы ұжымдары ұйымдастырған концерт өтуде. Мереке қарсаңында жаңа репертуарлармен, жаңа костюмдермен шығып отыр. Балалардың қуануына аз да болса үлесімізді қосып жатырмыз деп ойлаймын, — дейді Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің Ұйымдастыру және шығармашылық бөлімі басшысының орынбасары Омарова Маргарита Әміржанқызы.