Жаңаөзен тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында іске асырылған «Жұмыс жасаймын» жобасы өз нәтижесін беруде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоба бойынша былтыр 300 жұмыс орнына 19 мекемеден 417 азамат жұмысқа жолданған. Қазіргі уақытта 294 адам тұрақты жұмысын жалғастырып келе жатыр.
Ал биыл 13 мекемеден 110 жұмыс орнына өтінім түсіп, 110 адам қызметке орналасты.
Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұлбазар Орынбаева, осындай жобалар арқылы жұмыссыздық мәселесін кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отырғандығын айтты.
- «Жұмыс жасаймын» бағдарламасы аясында қосымша қаражат қарастырылып, 16 мекемеден 200 жұмыс орны бекітілді. 190 жұмыссыз азамат мамандықтарына сәйкес бос жұмыс орындарына жолданды. 2021-2022 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы бойынша 38 мекемеден 594 жұмыссыз адам тұрақты жұмыспен қамтылды, - деді Ұлбазар Орынбаева.