Балаларды қорғау күнінде Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылындағы бөбекжайда егіз бүлдіршіннің тұсауы кесілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Мерекеде Ханзада мен Нұрзаданың тұсауы кесіліп, сыйлықтар табысталды. Мерекелік шараға ауыл әкімі Расул Абишаев пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы шақырылған, олар бүлдіршіндерді құттықтап, тәрбиешілерді де марапаттады.
Сонымен қатар, бөбекжай бақшасы аумағына ауыл әкімі бүлдіршіндермен бірге көшет отырғызды.
Шара соңында, балалар кейіпкерлерінің қатысуымен ойындар ойнатылып, қатысушы балаларға әртүрлі тәттілер табысталды.