Маңғыстау облысы ПД Тергеу басқармасымен ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 1-тармағымен тіркелген №224710031000907 санды қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бір топ алаяқтар өңір тұрғындарының сеніміне кіріп автокөліктерді Ақтау қаласында орналасқан екінші деңгейлі банктердің филиалдары («Каспий банк», «Сбербанк», «Евразиялық банк», «Банк центр кредит») арқылы орта есеппен 200-ден 500 мың теңге аралығында ақшалай сыйақы ұсына отырып, олардың аттарына автокредит рәсімдеп, оны қысқа мерзімде өтеуге уәде берген.
Бұл ретте алаяқтардың құрбаны автокөлікті алаяққа өз еркімен тапсырады, ал ол бастапқы жарнаны және кредит бойынша ай сайынғы төлемдерді төлеп, одан әрі заңсыз жолмен иемденген көліктерді 3-ші тұлғаларға төмен бағамен сатып отырған.
Қазіргі уақытта полицияға 189 жәбірленуші арызданды.
Автокөліктерді қайта рәсімдеуге жол бермеу мақсатында, барлық автокөлік «VIN-код» арқылы ІІМ-нің жүйесіне «Криминалдық автокөлік» санаты бойынша есепке қойылды. Нәтижесімен 16 автокөлік Ақтау қаласының айып тұрағына жабылды.
Қалған автокөліктерді табу мақсатында жедел - іздестіру шаралары жүргізілуде.
Тергеумен 3 күдікті қамауға алынып, оларға «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Бір күдіктіге қатысты сырттай «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданып, іздеу жарияланды.
Қылмыстық іс Маңғыстау облысы ПД бастығының және облыс прокурорының бақылауында.
Осы дерек бойынша қандай да бір маңызды мәліметтер анықталған жағдайда Ақтау қаласы 3 Б шағын ауданында орналасқан Тергеу басқармасына хабарлауыңызды сұраймыз.