Ә. Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Музей қызметкерлері балаларға арнап ұлттық ойындар мен логикалық, танымдық сұрақтар дайындаған. Мейрамды тойлауға келген балалар әртүрлі ойын ойнап, сұрақтарға жауап берді.
Шарада белсенділік танытқандарға музей әкімшілігі кітап сыйлады.
- Мерекелік шараға келген балалардың жасы әртүрлі болғандықтан, бізге сәл қиындық тудырды. Өйткені, балаларға дайындалған сұрақтар бәрінің жасына сай келмейді. Ұлттық ойындарда да дәл солай. Дегенмен, балалар көңілді, мерекелік көңіл-күй сыйлай алдық деп ойлаймын, - деді Ә. Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғат бөлімінің меңгерушісі Анар Қуанышова.
Сондай-ақ, музейді тамашалау балалар үшін тегін болды. Балалар мұражай ішін аралап, естелік суретке түсті.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН