Ақтау халықаралық әуежайында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен және облыстық Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының азаматы Ақтау–Тбилиси авиарейсінің жолаушысынан кедендік бақылаудан өту кезінде 13100 АҚШ долларын анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтың Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Бұл факт бойынша әкімшілік материал жасалды.
«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен елден: 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын және Ұлттық банктің осы күнге белгіленген бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынғанын атап өтеміз; 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймалары және Ұлттық банк шығаратын "ALTYN BARYS" алтынынан және "KÚMIS BARYS" күмісінен жасалған инвестициялық монеталар, сондай-ақ 100 граммнан астам аффинирленген алтын", - деп хабарлады департаментте.