Осыдан 30, 20 жыл бұрын түлеп ұшқан Шайыр орта мектебінің түлектері ауылға футбол алаңын салып, спортзалға ринг тарту етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
1975 жылғы шайырлық түлектер 2012 жылы 20 жылдыққа орай мектеп ауласына футбол алаңын салған еді. Биыл мектеп бітіргендеріне 30 жыл толғанда, ауыл жастарының сұранысына сай алаңды қайта жаңартып, жасанды тепсең төсеп берді.
- Жігіттер болып жиналып футбол алаңын жасап бердік. Енді осыған ұқыпты қарап, жастар игілігіне пайдаланса екен дейміз. Ауылымыздан футбол чемпиондары шығуына тілектеспіз, - дейді түлектердің бірі Орысбай Төлжанов.
Ал білім ордасын 20 жыл бұрын тәмамдаған 1985 жылғы түлектер мектеп жанындағы спортзалға жиналмалы, жүрмелі бокс рингін алып берді. Сонымен қатар Ақтау қаласындағы Т.Жолдыбаев атындағы спорт кешенінде шағын футболдан лига өткізіп, жеңізпаздарға ақшалай сыйлық табысталды. Ал он жылдықта бас қосқан 1995 жылғы түлектер ауылда волейболдан сайыс өткізді.
- Туған жерге қашан да бүйрегіміз бұрып тұрады. Биыл 20 жылдық мерекемізге орай ауылдың спортзалына ринг табыс еттік. Оған қоса, фудзалдан жарыс өткіздік. Жарысқа 9 команда қатысты. Бір айта кетерлігі, алақандай ауылдан 9 команданың шығуы үлкен жетістік, - дейді Шайыр орта мектебінің түлегі Ахат Далабаев.