43 жастағы әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазір зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр.
- Науқастың жағдайы орташа ауырлықта, жамбас сүйектерінің көптеген сынығы бар, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.
Оқиға 28 мамырға қараған түні, сағат 00:50-де болған. Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі 24-үйге қарама-қарсы 6 шағынаудандағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 43 жастағы әйелді қағып кеткен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
- Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша жүргізуші жеңіл дәрежелі мас күйінде болған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.