Қазір өрт сөндірушілер мен 35 жасқа дейінгі «В», «С» санаттары бар жүргізушілерді жұмысқа қабылдау жүріп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Форт-Шевченко қаласы, Мұнайлы ауданы мен Ақшұқыр ауылында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде 30-ға жуық жас өрт сөндіру қызметіне қызығушылық танытып, өз түйіндемелерін тапсырған. Ниет білдіргендің басым бөлігі 18 бен 35 жас аралығындағы ер адамдар.
Шара барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары келушілердің сұрағына жауап берді. Тест тапсыру ережелерін түсіндірді.
Айта кетейік, азаматтық қорғау органдарына қабылдау жөнінде сұрақтармен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кадр саясаты бөліміне 8 (7292) 50-44-69 телефоны бойынша хабарласуға болады.