Маңғыстаулық түлектер үшін облыстан қосымша 6 мың грант бөлінді. Бұл туралы брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Аталған гранттар жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, білім беру бағдарламалары бойынша инженерлік, өңдеу және құрылыс саласын қамтиды.
Сонымен қатар ақпараттық, коммуникациялық-технологиялық және педагогикалық мамандықтарға да басымдық берілген. Грантқа Нұр-сұлтан, Алматы қалаларынан және Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Ақмола облыстарынан барлығы 50-ге жуық университет қатысады», - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева.
Одан бөлек облыс бюджеті есебінен тағы 375 грант бөлініп отыр.
Ж. ҚАЛИЕВА