Мотосезонның ашылуы 15-шағынаудандағы жағалауда болды. Шара облыс әкімдігі мен облыстық спорт басқармасының қолдауымен өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сондай-ақ мұнда қолкүрес және гір көтеруден спорттық турнир өтті. Оған Ақтау, Жаңаөзен қаласы және Мұнайлы ауданынан өтініш бергендердің бәрі қатысты. Турнир Маңғыстау облыстық фитнес және бодибилдинг федерациясының президенті Анатолий Ждановтың басшылығымен өтті.
Бұған қоса хореограф Индира Темирдің жетекшілігімен Dance battle ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың мотоспортқа деген мәдениетін қалыптастырып, қызығушылығын оятады.