№12 орта мектептің 8-сынып оқушысы Руслан Шматеев Маңғыстаудың туризмін дамытуға ықпал ететін еПортье атты электронды қосымша жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жас бағдарламашының әкесі Сергей Шматеевтің айтуынша, электронды портье (еПортье) қонақүй клиенттеріне Яндекс-Алиса дауыстық ассистенті немесе Телеграм-бот арқылы қызмет көрсетеді. Ол қонақүйдің қызметтері туралы ғана ақпарат беріп қоймай, массажға да жазады, кешкі асқа немесе бөлмені тазалауға тапсырыс беруге болады.
— Ұлым екі жылдан бері осымен айналысып жүр. Біздің қосымшамыз Ақтаудағы туризмге серпін бергенін қалаймыз. Қонақүйлерге арналған электронды портье. Елестетіп көріңіз, сіз қонақүйде Яндекс-Алиса арқылы сапалы музыканы тыңдай аласыз, кондиционерді қосып, перделерді жауып, қонақүйдегі шотыңыз туралы ақпаратты біліп және тағы да басқа керекті нәрселерді істей аласыз", — дейді Сергей Шматеев.
Қосымшадан сондай-ақ Ақтау жаңалықтарын, теңіз суының температурасын, смарт-рейтинг бойынша үздік мейрамханаларды білуге болады.
— Біздің Смарт Актау деген де өніміміз бар. Яндекс-Алиса осы жерден рейтинг бойынша ең жақсы компаниялар жөнінде деректерді алып береді. Сонымен қатар, қаланың жаңалықтарын да айтады. Қазақстанның бірде-бір қаласында Яндекс-Алиса сияқты дауыстық ассистенттер жергілікті жаңалықтарды айта алмайды. Бұл тұрғыда Ақтау — алғашқы. Жақын арада туристік сапарларды да енгізуді жоспарлап отырмыз, — деді Сергей Шматеев.
Сұхбаттың толық мәтінін "Огни-Мангистау"қоғамдық-саяси газетінен оқуға болады.
Қосымша туралы толық ақпараьқа сілтеме: https://portie.kz