Аздаған жауын-шашын салдарынан жол бөлігін сел басты. Оқиға Ақтау-Жетібай тас жолының 44 шақырымында болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда учаскеде 3 бірлік арнайы техника (1 – жүк тиегіш; 1 – самосвал; 1 – экскаватор) және «Қазақавтодор» ЖШС филиалының жауапты тұлғалары Мұнайлы ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл аймақтағы жағдай бақылауда тұр. Жолдың қирау қаупі жоқ. Көлік қозғалысы тоқтатылған жоқ