Шетпе тұрғындары облыс әкімінің телеграм каналында қоқыс мәселесіне биліктің назар аударуын сұрады. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жайылып кеткен қоқысты жануарлар ақтарып, одан сайын талқандап жатыр екен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Сонымен қатар, тұрғындар мердігер компанияның жұмысы көңілден шықпайтынын айтты.
Желі қолданушысының шағымына Шетпе əкімдігі жауап берді. Жауаптылардың мәлімдеуінше, Мақаш шағынауданында тұрғындардың бейберекет қоқыс төгу тоқтамай отыр екен.
- Алдағы уақытта қоқыс алаңы тазаланады. Ауылда қоқыс төгу үшін жабдықталған арнайы полигон жұмыс істеп тұр. Тұрғындарға қоқысты сол жерге апарып төгуін ескертеміз, - дейді Шетпе əкімдігі.