Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 1-Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілімен кездесу өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл шара "Мәңгілік ел - болашағы біртұтас ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының базалық құндылықтары негізінде, қоғамды біріктіру тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Кездесуде "Чосон" этномәдени бірлестігі кәріс халқының төрағасы Раиса Маденова қызметкерлермен ынтымақтастық, бірлік пен келісім туралы сөз қозғап, тарихқа шолу жасады. Ұлты кәріс болса да, Раиса Ивановна қазақ отбасының түтінін түтетіп, ұрпақ тәрбиелеуде.
Департаментте де орыс, кәріс, украин, агул сынды ұлт өкілдері қызмет атқарып келеді.
- Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту - басты борышымыз. Сондықтан мерекеге орай Ассамблея өкілін арнайы шақырып, жеке құраммен кездесу ұйымдастырылды, - дебі кадр бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет аға лейтенанты Гүлдана Есіркепова.